«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы
Біздің басты мақсатымыз – 2025 жылға дейін серіктестік экожүйе құрамында жергілікті және халықаралық клиенттердің операциялары бойынша бірінші таңдаудағы Банк болу
Миссиямыз: Біз Орталық Азияда және Еуразиялық экономикалық одақта ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынас орната отырып, клиенттерімізге қамқорлықпен ақылды әрі шапшаң шешімдерді ұсынамыз
Көздеуіміз: Клиенттерге, әріптестерге және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын сенімді Банк
Біздің корпоративтік құндылықтар: Адалдық. Кәсібилік. Шапшаңдық. Қайырымдылық.
Стратегиялық мақсаттар:
- Кірістілік көрсеткіштері бойынша жетекші орындарды сақтау және бизнес тиімділігінің көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарту
- Ағымдағы клиенттердің белсенділігі мен Банкке бейілділігін арттыру
- Топтың және Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақтағы әріптестік экожүйенің құрамында ЦКБ-нің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
Банктің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басым бағыттары:
- Жаңа өнімдерді, оның ішінде цифрлық және Lifestyle (360⁰) өнімдерді енгізу
- Операциялық процестердің тиімділігін арттыру
- Шығындарды қысқарту
- Капиталды ұлғайту
- Технологиялардың тиімділігін және үздіксіздігін қамтамасыз ету
- 1 клиент бойынша өнім санын арттыру үшін сатуды ұлғайту
- Клиенттік тәжірибені зерделеу және оңтайландыру (цифрлық арналар, сайт, мобильді қосымша)
- Клиенттерді тарту бойынша онлайн және цифрлық арналарды дамыту
- Клиенттердің бейілділігін арттыру
- Неғұрлым перспективалы цифрлық банктік емес сервистерге қол жеткізу
- Банктің серіктестік желімен бірлесіп әрекет етуін арттыру
- ODEPT сауда платформасы: дамыту және клиенттерді тарту
- Әлемдегі үздік тәжірибелер негізінде Банк қызметіне ESG-қағидаттар мен бастамаларды енгізу
- Банк акциясының рейтингі мен құнын арттыру
- Банктің клиенттердің ақпараттық алаңына қатысуын ұлғайту үшін БАҚ-пен және ақпараттық алаңдармен бірлесіп әрекет ету