Біздің банк бөлімшелерінен Сіз алтын құйма сатып ала аласыз
Сіз BCC.KZ мобильді қосымшасында металл шот ашып, онлайн режимінде алтын және күміс сатып ала аласыз
Егжей-тегжейі | Құймалардың қаптамасы да қорғаныш элементтерін қамтиды және активтің сапа сертификатын білдіреді Қаптаманың тұтастығы – құйма құнын сақтаудың кепілі. Қаптаманы ұқыпты сақтаған жөн. Қаптаманы ашуға болмайды! |
Құйманы сақтау | Клиенттер үшін қосымша қызмет – құйманы сақтау. Құйманы сақтау қызметі сейф қызметін көрсету аясында ұсынылатын болады. |
Құйманы сатып алу | Клиенттер алтын құйманы Банктің барлық бөлімшелерінен сатып ала алады. |
Сатып алу және сату бағам | Алтын құйманы сату және сатып алу бағамын Банк күн сайын белгілейді |
Кері сатып алу | Орталық бөлімшелерде |
Резидент – жеке басын куәландыратын құжаттың болуы (ҚР азаматының жеке куәлігі, ҚР азаматының төлқұжаты, Шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты).
Бейрезидент – жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат немесе ЖСН қамтитын құжат)
СЫЙЛЫҚ – туған күнге, үйлену тойына және басқа да мерекелік және отбасылық салтанаттарға арналған қомақты әрі бірегей сыйлық.
ИНВЕСТИЦИЯ – сенімді инвестициялық шешім. Алтынның бағасы 2020 жылы өзінің тарихи ең жоғарғы шегін жаңартып, 2020 жылғы 7 тамызда троя унциясы үшін $2061,50-ге жетті, осылайша жыл басынан бері 36%-ға өсті.
ЖИНАҚ АҚША – өз болашағыңыз жайлы ғана емес, отбасыңыздың болашағы туралы да ойлану қажет болатын кез келеді. Ұлттық Банктің алтын құймалары – бұл сіздің болашағыңыз бен отбасыңыздың болашағы үшін сенімді жинақ.
БҰЙЫМ – ҚР ҰБ алтын құймалары 999,9 сынамалы таза алтыннан жасалған, бұл құймаларды зергердің қызметіне жүгіну арқылы қайта балқытып, өзіңізге немесе жақындарыңызға қажетті бұйымдар жасауға мүмкіндік береді.
Банктің орталық бөлімшелерінде
- Сыртқы сайттың валюта бағамдары бөлімінде.
- LED дисплейлерде, Банк бөлімшелерінде.
- 505 нөмірі бойынша байланыс орталығында.
- BCC.KZ
Егер жеке тұлға клиент алтын құймаларды өсіммен сатса, жеке тұлғада салық салынатын табыс туындайды. Өсім – бұл сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма. Мұндай табыс бойынша жеке тұлға ҚР Салық кодексіне сәйкес өз бетінше салық төлейді.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам тазартылған алтынды Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған