Шот бойынша кредиттік лимит
Бизнестің тиімді әрі үздіксіз жұмыс істеуі үшін
мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Бизнестің қысқамерзімді қажеттіліктерін қаржыландыру
250 000 000 ₸ дейінгі
қаражатқа қол жеткізіңіз
Лимитті ай сайын ұлғайту мүмкіндігі
Траншты беру үшін
қосымша құжат керек емес
Месяц | Остаток долга | Процент | Платёж по остатку долга | Платёж |
---|---|---|---|---|
BASTAU | STANDART | |
ЖК үшін бастапқы лимит | 100 000–500 000 ₸ | 250 000 000 ₸ дейін |
ЗТ үшін бастапқы лимит | 200 000–3 000 000 ₸ (3 000 000 ₸ дейінгі сома критерийлерге сәйкес келген кезде, кредиттік лимит пайдаланылған бірінші айдан кейін беріледі) | 250 000 000 ₸ дейін |
Іріктеу критерийлері | Азаматтығы – ҚР резиденті Қанағаттанарлық кредит тарихы (соңғы 24 айда мерзімінен 30 күннен астам кешіктірілген төлем болмауы тиіс) | |
Шот бойынша кредиттік лимит кімге берілмейді | АШ – ауыл шаруашылығы субъектілеріне ҚР заңнамасына сәйкес қызметі кәсіпкерлік болып табылмайтын тұлғаларға: жеке сот орындаушыларына (ЖСО), жеке нотариустарға (ЖН), адвокаттарға, кәсіби медиаторларға және өзге де тұлғаларға |
Пайыздық мөлшерлеме – 23,5%
*Шот бойынша кредиттік лимит сомасына тәуелсіз, ҚРҰБ СЖТМ 250 000 000 ₸ сомасына есептейді
Лимитті белгілеу үшін алынатын комиссия – 0 ₸
Лимитті басқару үшін алынатын комиссия – 0 ₸
Банктің ағымдағы шотынан қолма-қол ақша қаражатын алу үшін комиссия – қарыз қаражатын алуға тыйым салынады
ЦКБ АҚ-тағы өз шоттарына және басқа ЕДБ-дегі өз шоттарына қаражат аудару үшін алынатын комиссия (119, 350, 342, 343 ТМК бойынша кредит қаражатын аударуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) – қарыз қаражатын аударуға тыйым салынады.
Пайыздық мөлшерлеме – 23,5%
* Шот бойынша кредиттік лимит сомасына тәуелсіз, ҚРҰБ СЖТМ 250 000 000 ₸ сомасына есептейді
Лимитті белгілеу үшін алынатын комиссия – 0 ₸
Лимитті басқару үшін алынатын комиссия – 0 ₸
Банктің ағымдағы шотынан қолма-қол ақша қаражатын алу үшін комиссия – алынатын соманың 4% (кемінде 2 500 ₸)
ЦКБ АҚ-тағы өз шоттарына және басқа ЕДБ-дегі өз шоттарына қаражат аудару үшін алынатын комиссия (119, 350, 342, 343 ТМК бойынша кредит қаражатын аударуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) – аударым сомасының 4% (кемінде 2 500 ₸)
Шот бойынша кредиттік лимит тегін ресімделеді және лимиттің қолжетімді сомасы шегінде кассалық алшақтықтар кезінде мерзімді төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Клиент банк бөлімшесіне бармай-ақ, мобильді қосымша арқылы кез келген ағымдағы шығыстарды өтеп, кредиттік лимитті шектеусіз пайдалана береді
Кредиттік лимитті ашу немесе жабу үшін банктің кез келген бөлімшесіне хабарласып, өтінім беру қажет
Шот бойынша кредиттік лимитті пайдалану және басқару үшін комиссия қарастырылмаған
Есептеу күн сайын жүргізіледі, ал есептен шығару негізгі борыш өтелетін күні жүргізіледі (30-күні/мерзімінен бұрын BCC Business-тен айыппұл санкциясынсыз)
Кредиттік лимитті пайдалану шартына 5 жылға (60 айға) қол қойылады және ол ұзартылмайды
Банк тарапынан ШКЛ пайдалану үшін жасырын комиссиялар алынбайды, ЦКБ АҚ-тағы немесе басқа ЕДБ-дегі өз шоттарына ақша қаражатын аудару үшін ғана 4% комиссия және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 4% комиссия алынады
КЛС бойынша негізгі борышты уақытылы өтемегені және пайыздық сыйақыны төлемегені үшін қарыз алушы төлем мерзімінен кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,2% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді
Соманы мақұлдаудың негізгі критерийі – компанияның айналымы және ай сайынғы транзакциялық белсенділігі.
Банктің жаңа клиенттері үшін келесі сомалар қолжетімді: ЖК үшін – 100 000 теңге және ЖШС үшін – 200 000 теңге. Кредиттік лимитті пайдаланудың бірінші айы аяқталғаннан кейін ШКЛ 1 000 000 теңгеге дейінгі қайта қаралады.
Банктің тұрақты клиенттері үшін 250 000 000 теңгеге дейінгі лимиттер қолжетімді
Кредиттік лимитті өтеу кестесі BCC Business қосымшасының «кредиттер мен кепілдіктер» – «шот бойынша кредиттік лимит» – «өтеу кестесі» бөлімінде қолжетімді
Лимит сомасын автоматты түрде қайта есептеу ай сайын жүргізіледі